«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Әлемде коронавирусты жұқтырғандар саны 36 миллионнан асты

Бұл туралы америкалық Джонс Хопкинс университеті мәлімдеді. Соңғы бір тәулікте 271 мыңнан аса адам вирусты жұқтырып алған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дертке шалдыққандардың басым бөлігі Америка аймағында. Құрама Штаттарда науқастар саны 7,5 миллионға жетсе, Бразилияда 5 миллионнан асқан. АҚШ-тың Бостон қаласында індеттің өршуіне байланысты мектептердің ашылуы кейінге шегерілді. Дэниэль Курицкес. дәрігер: — Бостонда соңғы уақытта вирусты жұқтырғандар қарасы 4%-ке артқан. Бұл алаңдатарлық жағдай. Қала әкімшілігі оқу орындарын ашпас бұрын шаһардағы індет жағдайын мұқият бақылағаны абзал. Еуропада да індеттің  таралуы қайта күшейген. Әсіресе, Болгария, Чехия, Польша және Украинада дертті жұқтырғандар саны күрт өскен. Италия індеттің өршуіне байланысты төтенше жағдайды қаңтардың 3-іне дейін ұзартты. Апеннин түбегінде қоғамдық орындарда бетперде тағып жүру қайта міндеттелді. Тәртіпті бұзғандарға 1 мың еуро айыппұл салынады.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстан алтын сатып алудан әлемде 2-орынға шықты

admin_mugalzhar

Олжас Бектенов: өткен жылы Қазақстанда энергия тапшылығы 29%-ға төмендеді

admin_mugalzhar

Ақтөбе облысындағы теміржолшылар Жаңа Конституция жобасын талқылады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.