«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУЫЛ КӨШЕСІНЕ ЕСКЕРТУ МАКЕТТЕРІ ҚОЙЫЛДЫ

Еңбек ауылдық округі Сағашилі ауылында ішкі жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол бойына арнайы ескерту макеттері қойылды.
Ауыл әкімі Аманбай Әбдіғалиұлының айтуына қарағанда, бұл игі іске ауылдың белсенді тұрғындары демеушілік көрсетіп, қолға алған көрінеді.

-Ауыл көшелеріне көлік қозғалысын реттеу және жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге ақпарат беру үшін арнайы белгілер қойылып жатыр. Бюджеттің қаржысына иек артпай, ауызбіршілік танытқан ауыл тұрғындары мен демеушілік көрсеткен Қанат Айбосыновқа алғысымды білдіремін. Алдағы уақытта да ауылды көркейтуге арналған жүйелі жұмыстар атқарылатын болады, — деді ауыл әкім.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда ауыл шаруашылығы санағының офлайн кезеңі басталады

admin_mugalzhar

АҚТӨБЕДЕ «САУСАҚТАР СӨЙЛЕЙДІ» ОҚЫТУ КУРСЫ АШЫЛДЫ

admin_mugalzhar

Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің есімдері белгілі болды

admin_mugalzhar