«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖӘРДЕМАҚЫНЫ «ONLINE» РӘСІМДЕҢІЗ

БҮГІНГІ КҮНІ БІРШАМА ТӨЛЕМ ТҮРЛЕРІН ҮЙДЕН ШЫҚПАЙ-АҚ «ONLINE» ТҮРДЕ РӘСІМДЕУГЕ БОЛАДЫ. АТАП АЙТСАҚ, «АЛТЫН АЛҚА» ЖӘНЕ «КҮМІС АЛҚА» ИЕГЕРЛЕРІНЕ ТИІСТІ МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫЛАРДЫ ПРОАКТИВТІ ТҮРДЕ ҚАШЫҚТЫҚТАН РӘСІМДЕУГЕ МОЛ МҮМКІНДІКТЕР АШЫЛДЫ.

Ақтөбе облысы бойынша филиалының Әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша Мұғалжар аудандық бөлімі басшысы Клара Құдайбергенованың берген мәліметіне сәйкес, көпбалалы ана «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегері атанып мемлекеттік органнан алқа алатын болса, осы алқамен марапатталған ананың мәліметтері мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде өңделіп, оған мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау үшін SMS хабарлама жіберілетін көрінеді.

— «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақтөбе облысы бойынша филиалы көптеген мемлекеттік қызмет түрлерін көрсететін, оның ішінде түрлі әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақыларды рәсімдейтін мекеме болып табылады. Бұл жаңашылдық тек жаңадан алатын «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлеріне қатысты. Алдағы уақытта «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталатын көпбалалы аналар мемлекеттік жәрдемақыны «online» түрде рәсімдеулеріне болады, — деді ол. «МҰҒАЛЖАР-АҚПАРАТ»

Ұқсас ақпараттар

ЖҮРГІЗУШІЛЕР МЕН ЖОЛАУШЫЛАРҒА АЗЫҚ-ТҮЛІК ПАКЕТТЕРІ ТАРАТЫЛДЫ

admin_mugalzhar

COVID-19 төлқұжаты наурызда қолданысқа енгізіледі

admin_mugalzhar

Семей мен Жезқазған облыс орталықтары болады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.