«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Жақсы өнім алуға мүмкіндік бар

Егін
«Облыс әкімі Оңдасын Оразалин аппарат жиынында өңірдегі егін егу науқанын барынша тездетуді тапсырды», — деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Биыл облыс бойынша 502 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын себу жоспарланған. Ауа райы егін егу науқанына айтарлықтай әсер етті. Мамыр айының екінші, үшінші онкүндігінде облыс бойынша орташа есеппен 2,5 есеге дейін нормадан артық жауын-шашын түсіп, толассыз жауған жаңбырдың салдарынан егіс жұмыстарының қарқыны баяулады.

«Егіс жұмыстарын тезірек аяқтауымыз керек. Әйтпесе, күзде жаңбыр ерте басталса егін жинауда қиындықтар болуы мүмкін. Әр қожалықтағы егін егу барысын бақылаңыздар. Тұқыммен және жанар-жағармаймен қамтуда проблема болмайды. Егін егу жұмыстары кешеуілдесе де, ылғал қоры мол, жақсы өнім алуға мүмкіндік бар. Шабындық та уақытылы ұйымдастырылуы керек», — деді Оңдасын Оразалин.

Шаруашылық құрылымдары жұмыс қарқынын арттыра отырып, тәулігіне 32 мың гектарға дейін егуде. Ауыл шаруашылығы құрылымдарын қолдау мақсатында өсімдік шаруашылығы бойынша жергілікті бюджеттен 1,3 миллиард теңгеге субсидия төлеу жұмыстары жүргізілуде. Қаражат ​ тұқым, минералды тыңайтқыштар мен гербицидтер бағасын арзандатуға арналған.

Ұқсас ақпараттар

Ақтөбеде билік партиясы жанынан әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық кеңес құрылды

admin_mugalzhar

ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮЙЕЛІ ЖАЛҒАСУДА

admin_mugalzhar

АҚШ-тағы сайлау қорытындысы неге жарияланбай жатқаны белгілі болды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.