Жем қаласында көше бойына жаңа бағаналар орнатылып, жарықтандырылу жұмысы қолға алынған. Бұл туралы Жем қаласының әкімі Жұматай Бисенов хабарлады.
Қала басшысының сөзіне сүйенсек, 15 көшенің 11-і толықтай жарықтандырылып, жалпы саны 117 жарықшамдар орнатылған. -Бүгінгі таңда қаламызда көптеген жұмыстар артқарылуда. Қаладағы Бейбітшілік, Әйтеке би және Гагарин көшелеріндегі жолдарға күрделі жөндеу жүргізу үшін, сметалық құжаттар дайындалуда. Сонымен қатар, бұрынғы КА 168/5 түзеу мекемесінің ғимаратына №30238 әскери бөлімінің қызметкелері келіп, орналасуда. Әскерилер әзірше аталған ғимаратты күзетіп, сақталуына күтім жасауда. Жоспар бойынша қызметкерлер облыс орталығынан келіп, 15 күндік вахталық жүйеде жұмыс жасамақ, — дейді қала әкімі.
Алдыңғы