«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қырғызстан парламентінде қайта сайлау қашан өтетіні айтылды

Қырғызстанның Жогорку Кенешінде 20 желтоқсанда қайта сайлау өтеді, — деп хабарлайды 24.kg.

Орталық сайлау комитетінің мүшесі Гүлнар Журабаева ОСК кей заңнамалық актіге өзгерістер дайындағанын атап өтті.

«Олар комитетте мақұлданды, бұл жұмыстар қатар жүргізіледі. Біздің шешіміміз бұл бағдарламаларды қабылдауға кедергі емес», — деді ол.

Еске салайық, 6 қазанда ОСК Бішкекте жаппай наразылық акциясы мен тәртіпсіздіктер басталғаннан кейін сайлау қорытындыларын жарамсыз деп тануға мәжбүр болған еді.

Елдегі халық наразылығының нәтижесінде билік өзгеріп, президент Сооронбай Жээнбеков отставкаға кетуге мәжбүр болды.

Ұқсас ақпараттар

Тоқаев қазақстандықтарды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады

admin_mugalzhar

Егін де екті, мал да бақты енді қожалық ангус сиырын өсірмек

admin_mugalzhar

АУДАН ӘКІМІ ДЕПУТАТТАР АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ

admin_mugalzhar