«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«АУЫЛ АМАНАТЫ»: 39 ЖОБА МАҚҰЛДАНДЫ

«Ауыл аманаты» жобасының жүзеге асып келе жатқанына бірнеше жыл болды. Аталған бағдарлама арқылы қаншама мұғалжарлық жеңілдетілген несиеге қол жеткізіп, кәсіптерін дөңгелетіп отыр. Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандары осы жылы аудан бойынша 39 жобаның мақұлданғанын хабарлады.

Бөлім мамандарының берген мәліметіне сүйенсек, қазіргі таңда «Ақтөбе» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясына тапсырылып, қанағаттандырылған 39 жобаның жалпы құны 379,1 млн теңгені құрайды. Қаржыландырылған жобалар қатарында құс шаруашылығы, наубайхана, сұлулық салоны, баспахана, монша, автокөлікке техникалық қызмет көрсету орталығы және басқа да кәсіпкерлік бағыттар бар.

— «Ауыл аманаты» жобасы арқылы аудан тұрғындары өз бизнесін дамытуға немесе кооператив құрамында жеңілдетілген несие ала алады. Қарыз алу шарттары да өте тиімді, себебі ондағы пайыздық мөлшерлеме әлдеқайда төмен. Несие мерзімі 5 жыл, ал мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру саласындағы жобалар бойынша 7 жылға дейін. Несиенің номиналды сыйақы мөлшерлемесі – 2,5 пайыз, кепілмен қамтамасыз етіледі. Мұндай несиенің халыққа пайдалы болары анық. Мәселен, бүгінде бірде-бір коммерциялық банкте ауыл тұрғындарында мұндай шарттармен несие алу мүмкіндігі жоқ. 2,5 пайыздық несиенің тағы бір тиімділігі — несиені алынған бағытта пайдаланып, кәсібін дамыту мақсатында бастапқы 1 жыл көлемінде төлемеу жолдары қарастырылған. Бүгінде мақұлданған жобалар қала және ауыл тұрғындарының сұранысын қанағаттандырумен қатар, жаңа жұмыс орындарын ашуға және жергілік-ті экономиканың дамуына ықпал етуде,-деді бөлім басшысы Б. Жолмағанбет

Ұқсас ақпараттар

БИДІ БАҒЫНДЫРҒАН – «АЛТЫНЗЕР»

admin_mugalzhar

«TALPYN» ЖОБАСЫ – ЕМБІДЕ

admin_mugalzhar

МӘСЛИХАТ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

admin_mugalzhar