«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ДДҰ басшысы пандемияның «аса қиын» кезеңіне дайындалуға шақырды

Әлемде пандемияның аса қиын айлары басталады. Бұл мәлімдемені Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус жұмада өткен брифингте жасады, — деп хабарлайды РИА Новости

«Біз COVID-19 пандемиясының қиын кезеңінде тұрмыз, әсіресе солтүстік жартышар. Келесі бірнеше ай өте қиын болады және бірқатар ел қауіпті бағытта қозғалып келеді. COVID-19 жағдайлары күрт өскен мемлекеттер тым көп және бұл ауруханалар мен реанимация палаталары өз мүмкіндіктерінің шегіне жететінін көрсетеді. Бұл тек қазан айы», — деді ДДҰ басшысы.

Гебрейесустың айтуынша, ел басшылары жаңа апаттың алдын алу үшін шаралар қабылдауы тиіс.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстан-Түрікменстанның сауда-экономикалық ынтымақастығын күшейтуге елеулі әлеует бар — Тоқаев

admin_mugalzhar

Ақ үйдегі кездесу барысында Қазақстан мен АҚШ президенттері Израиль Премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті

admin_mugalzhar

Қазақстанда ет өндірісі артып келеді: саладағы соңғы көрсеткіштер

admin_mugalzhar