«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 95-ке жетті

Түркиядағы жер сілкінісі кезінде қаза тапқандар саны 95-ке жетті, — деп хабарлайды РИА Новости

Зілзала салдарынан қаза тапқандар саны күн сайын артып келе жатыр. Бұған дейін қаза тапқандар саны 92, ал зардап шеккендердің саны 994-ке жеткені белгілі болған. 

«Соңғы мәліметтер бойынша, қаза тапқандар саны 95-ке жетті», — делінген республиканың төтенше жағдайлар және апаттарды басқару агенттігінің хабарламасында. 

Жер сілкінісі кезінде 1385 афтершок болған. 

Еске салайық, 30 қазанда Түркияда 6.6 балдық жер сілкінісі болды. Эпицентр — Измир провинциясының Сеферихисар қаласы. Соңғы мәліметтер бойынша, табиғи апат салдарынан 76 адам қаза тапқан. Көптеген адам баспанасыз қалған. Жер сілкінісі салдарынан Измирдегі 20-дан аса ғимарат зардап шеккен. Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.

Ұқсас ақпараттар

ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

admin_mugalzhar

АСТАНАЛЫҚТАРҒА МҰҒАЛЖАРЛЫҚТАРДАН — АРНАЙЫ ДӘМ

admin_mugalzhar

Роман Скляр жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына келді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.