«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Армения Әзербайжанға қай территорияларды қайтаратыны анықталды

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев, Армения премьер-министрі Никол Пашинян және Ресей президенті Владимир Путиннің соғысты тоқтату туралы мәлімдемесіне сәйкес, армян тарапы Таулы Қарабақтағы Әзербайжанның бірқатар аумағын қайтарады. Бұл туралы БАҚ-та жарияланған келісімнің мәтінінде айтылған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Атап айтқанда, 20 қарашаға дейін Армения Әзербайжанға «Агдам ауданы мен Армения тарапы Әзербайжан Республикасының Газах ауданында ұстайтын аумақтарды» қайтаруға уәде берді.

15 қарашаға дейін Армения Әзербайжанға Кельбаджар ауданын, ал 2020 жылғы 1 желтоқсанға дейін — Лачин ауданын қайтарады, бұл ретте Таулы Қарабақтың Армениямен байланысын қамтамасыз ететін және бұл ретте Шушу қаласына әсер етпейтін Лачин дәлізін (ені 5 шақырым) өз иелігінде қалдырады.

Таулы Қарабақтағы қақтығыс өті бойында және Лачинск дәлізі бойында атыс қаруы бар 1960 әскери қызметші, 90 бронтранспортер, 380 дана автомобиль және арнайы техника бар ресейлік бітімгерлік контингенті орналасады. Бітімгерлік контингенті армян қарулы күштерінің шығарылуымен қатар орналасады.

Тараптардың келісімі бойынша таяудағы үш жылда Степанакерт пен Армения арасындағы байланысты қамтамасыз ететін Лачин дәлізі бойынша жаңа қозғалыс маршрутын салу жоспары айқындалады, кейіннен осы маршрутты қорғау үшін ресейлік бітімгерлік контингентін көшіру арқылы жүзеге асырылады.

Әзербайжан азаматтардың, көлік құралдарының және жүктердің Лачин дәлізі бойынша екі бағытта қозғалыс қауіпсіздігіне кепілдік береді.

Армения азаматтардың, көлік құралдары мен жүктердің екі бағытта да кедергісіз қозғалысын ұйымдастыру мақсатында Әзербайжанның батыс аудандары мен Нахичеван Автономиялық Республикасы арасында көлік қатынасын қамтамасыз етеді.

Көлік қатынасын бақылауды Ресей ФҚҚ Шекара қызметі органдары жүзеге асырады.

Тараптардың келісімі бойынша Нахичеван Автономиялық Республикасын Әзербайжанның Батыс аудандарымен байланыстыратын жаңа көлік коммуникацияларының құрылысы қамтамасыз етіледі.

Ұқсас ақпараттар

KGIR 2022: Ералы Тоғжанов 735 миллион долларлық келісімдерге қол қойды

admin_mugalzhar

ЖАҒАБҰЛАҚТАҒЫ ЕСЕПТІ КЕЗДЕСУ

admin_mugalzhar

КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.