«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбе облысында ауылға көгілдір отын беріліп, жаңа мектеп интернаттың есігі айқара ашылды

qamshy.kz

Сенбі, 14- қараша Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин іс- сапармен Алға ауданына қарасты Сарықобда ауылындағы газ құбырының құрылысымен танысты. Құрылыс жұмыстары желтоқсан айында аяқталады. Жоба іске қосылса, 92 тұрғын үй, 3 әлеуметтік нысан көгілдір отынмен қамтамасыз етіледі. Бұл үшін 195 млн тг қаржы бөлінген. Бұдан соң аймақ басшысы 415 тұрғыны бар Болгарка ауылына келген газды ресми түрде іске қосты. Тұрғындармен кездесіп, облыста атқаралып жатқан бірқатар жұмыстарды атап өтті. 

qamshy.kz

“ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында да басты бағыт халықтың әлеуетін арттыру жайына аударылған.Елдегі саяси тұрақтылық, экономикалық даму үрдісі ұйымдаса атқарылған еңбегіміздің жемісі. Өңірде газды қажет ететін 323 елдімекеннің 128і табиғи отынға қол жеткізді. Ал ауданның 95,2% тұрғындары көгілдір отын игілігін көруде. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 97% дейін жеткіземіз, одан өзге «ЖҚЖК» бағдарламасы аясында биыл 1 млрд. теңгеге жуық 13 инфрақұрылымдық жоба іске асыру көзделген”,-деп атап өтті Оңдасын Оразалин.  

qamshy.kz

Облыс әкімі Темір ауданында болды. Шұбарқұдық кентінде 60 орындық интернатымен салынған 320 орындық мектептің ашылуына қатысты. Жаңадан бой көтерген 3 қабатты білім ошағының арқасында аудан орталығындағы 3 ауысымдылық мәселесі шешімін тапты.  

qamshy.kz

“Келер жылы ел Тәуелсіздігіне – 30 жыл толады. Мемлекет басшысының ықпалымен еліміздің экономикасы өркендеп, халықтың әлеуметтік жағдайы жақсарды. Осыған орай елімізде жүздеген білім нысандары салынып, пайдалануға берілуде.  

Ағымдағы жылы облыста 5875 орынға арналған 20 мектеп құрылысы жүргізілуде. Аталған мақсатқа 6,4 млрд. теңге бөлінді.

Сонымен қатар, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында облыста 4,7 млрд.теңгеге 56 білім беру ұйымына күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде”,- деді өңір басшысы. Оңдасын Оразалин заманауи үлгіде бой көтерген мектеп- интернаттың ғимаратын аралап,спорт зал, жатын бөлмелер мен сыныптардың сапасын қарады. Құрылысы 2018 жылы басталған нысанға 1,2 млрд тг қаржы қаралған. Аудан бойынша 7 мыңнан астам оқушы, 25 мектеп бар.

qamshy.kz

Облыс әкімі Досшан Ишан кесенесі маңында жүргізіліп жатқан құрылыс қарқынын қарады. Мұнда биыл облыс әкімінің бастамасымен “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында ашық аспан астындағы музей салу жұмыстары басталған. Республика қорғауына алынған тарихи- мәдени нысан жөндеуі 2021ж аяқталады. 

Аймақ басшысының жұмыс сапары Мұғалжар ауданында жалғасты. Облыс әкіміне Сағашилі ауылында жүргізілген жол жөндеу жұмыстары таныстырылды. Биыл “ЖҚЖК” бағдарламасымен жалпы құны 184 млн тг Құнанбаев, Бәйішов, Жұбанов, Молдағұлова, Жеңіс көшелері асфальтталған, және оған жергілікті 30 ға жуық азамат жұмысқа тартылған. 2021 жылы Момышұлы, Әйтеке би көшелерін асфальттау жоспарда.

Оңдасын Оразалин үзындығы 215 км құрайтын “Ақтөбе-Атырау” РФ шекарасы(Астраханьға) республикалық маңызы бар жолдың 100-300 км аумағында жүргізіліп жатқан қайта жаңғырту жұмысын қарады. Оның ішінде ұзындығы 89 км болатын “Ақтөбе-Қандығаш” жолын қайта жаңғырту жұмыстары 2021 жылдың көктемінде басталады. Қазіргі таңда жобаны жүзеге асыру үшін мердігер мекемелер анықталып, дайындық жұмыстары басталып кетті.

qamshy.kz

Өңір басшысы Қандыағаш қаласында іске асырылған аулаларды абаттандыру, автомобиль жолдарына жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстарымен танысып, жиһаз өндіретін “Айтымбетов” цехында болды. 2020 жылы «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында құны 20 млн.тг  

іске қосылған шағын цех жылына 350 бірлік кеңселік және үй жиһаздарын шығаруға қауқарлы. Нәтижесінде 10 жаңа жұмыс орны ашылды.  

Оңдасын Оразалин Алға, Темір, Мұғалжар аудандарының әкімдеріне мемлекеттік бағдарламаларды тиімді пайдалана отырып, инфроқұрылымды дамытуды, жұмыс орындарының санын арттыру қажеттігін тапсырды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Ұқсас ақпараттар

Референдумның түпкілікті нәтижесі белгілі болды

admin_mugalzhar

ҚАУІПТІ ҚЫЗМЕТ — АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ

admin_mugalzhar

Қазақстандық оқушыларға биыл үй тапсырмасы берілмейді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.