«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ОБЛЫС ӘКІМІ МҰҒАЛЖАРДАҒЫ ЖҰМЫСТАРМЕН ТАНЫСТЫ

Ақтөбе облысының əкімі Оңдасын Оразалин жұмыс сапарымен Мұғалжар ауданына келді. Сапар аясында облыс басшысы Сағашилі ауылында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында жүргізілген Құнанбаев, Бәйішев, Жұбанов, Молдағұлова және Жеңіс көшелерінің жұмыстарымен танысты.

«Ақтөбе-Атырау» бағытындағы республикалық маңызы бар жолдың Қандыағаш пен Сағашилі аралығындағы жүргізіліп жатқан қайта жаңғырту жұмысын көрді. Оның ішінде ұзындығы 89 км болатын «Ақтөбе-Қандыағаш» жолын қайта жаңғырту жұмыстары басталатын болады. Облыс басшысына «ҚазАвтоЖол» АҚ Ақтөбе филиалының директоры Марат Махамбетов есеп берді.

Облыс әкімі «Болашақ» шағын ауданындағы жол құрылысының, Газовиков көшесінің орташа жөндеу, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы ғимаратының алдындағы алаңды абаттандыру жұмыстарын қарап шықты. «Самал» мөлтек ауданы 49 көпқабатты тұрғын үйдің ауласына жүргізілген жұмыстарды қарап, тұрғындармен кездесті. Қандыағаш қалалық 3 мектеп-гимназиясының жөнделген алаңы мен кіреберіс жолын қарады.

Сонымен қатар «Қарапайым заттар экономикасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында құны 20 млн.теңгеге іске қосылған жеке кәсіпкер Ғалым Əйтімбетовтің кеңселік жəне үй жиһаздарын шығаруға арналған шағын цехының жұмысымен танысып, кəсіпкердің жұмысына сәттілік тіледі.

Ұқсас ақпараттар

Мемлекеттік рәміздерге салғырт қарағандар жауапқа тартылады

admin_mugalzhar

Тұрақтандыру қорларындағы азық-түлікке залал келген жоқ — Министрлік

admin_mugalzhar

«PRESTIGE» CӘНГЕРЛЕРІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.