«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ресейде қар мен жауыннан мыңдаған адам жарықсыз қалды

Ресейдің Приморье өлкесінде жауған қар аралас жаңбырдан Владивосток қаласында мыңдаған адам жарықсыз қалып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қолайсыз ауа райынан, әсіресе, Первомайский ауданы көп зардап шегуде. Екі күнге жалғасқан жауыннан көшелер көктайғаққа айналған. Аймақта төтенше жағдай енгізіліп, мектептер жабылды. Әуежайлар мен темір жолдарды қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Халықты ауыз су және ыстық тамақпен қамтамасыз ету үшін арнайы орындар ашылған. Жергілікті билік аймақта мұндай ауа райы соңғы 30 жылда болмағанын айтады.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда қанша шетел азаматы жұмыс істейді

admin_mugalzhar

Қазақстанда медициналық маска мен қорғану бұйымдарын экспорттауға тыйым салынды

admin_mugalzhar

ЕКПЕ АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

admin_mugalzhar