«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Илон Маск бір тәулікте 15 миллиард долларынан айырылды

SpaceX және Tesla компанияларының басшысы Илон Маск Tesla акцияларының құлдырауына байланысты бір тәулікте 15 миллиард долларынан айырылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости ақпарат порталына сілтеме жасап.

Агенттік мәліметінше, оның байлығы 183 миллиард долларға дейін төмендеді.

Amazon негізін қалаушы Джефф Безостың байлығы 3,73 миллиардқа — 186 миллиард долларға дейін төмендеді. Осылайша, Безос әлемдегі ең бай адамдар рейтингінде бірінші орында, Маск — екінші орында тұр.

22 ақпанда Tesla акцияларының бағасы 8,55 пайызға — 714,5 долларға дейін төмендеді. Ал Amazon акциялары 2,13 пайызға — 3180,74 долларға арзандады.

Еске салайық, 17 ақпанда Илон Маск ең бай адам атағынан айырылып, Amazon негізін қалаушыдан бір саты қалып қойған еді. Алайда бір күннен кейін ол қайта миллиардерлер тізімін басқарды.

Ұқсас ақпараттар

Без шуток: самые обидчивые знаки зодиака назвали астрологи

admin_mugalzhar

«Педагог мәртебесі туралы» заң: мұғалімдердің жалақысын көтеру, құқықтарын қорғау және әлеуметтік қолдау

admin_mugalzhar

Мың оқушы күй ойнаған домбыра сабағы Гиннестің рекордтар кітабына енді

admin_mugalzhar