«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстанда полицейлердің зейнетке шығу жасы көтерілмек

Ішкі істер министрлігі полиция қызметкерлерінің зейнетке шығу жасын көтеру мәселесін қарастыруда. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Біздің тәжірибелі және кәсіби полиция қызметкерлерінің көбі 45-55 жасында қызметтен кетуге және зейнетке шығуға мәжбүр. Олар қазір әртүрлі коммерциялық құрылымдарда жұмыс істейді. Біз зейнетке шығу мәселесін көтеріп жатырмыз», — деді Тұрғымбаев.

Мысалы, негізгі мамандықтар бойынша зейнетке шығу жасын майорлар үшін — 52, подполковниктер үшін — 55, полковниктер үшін 58 және жоғары басшылық үшін — 63 жасқа дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр.

«Қазіргі таңда бір бұл мәселені қарастырып жатырмыз. Мысалы, зейнетке шығу жасы Ресейде — 60 жас, Жапонияда, Германияда — 65 жас. Біз де осы мәселені пысықтағымыз келеді», — деп аяқтады сөзін ішкі істер министрі.

Ұқсас ақпараттар

«Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» Заңына сәйкес Кандыағаш қаласының әкімі лауазымына кандидаттардың үгіт материалдарын жариялау үшін газет бетінен орын беру төлемінің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы

admin_mugalzhar

ҚАЗАҚСТАНДА ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

admin_mugalzhar

КӨКТӨБЕДЕ ШАБЫНДЫҚ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛМЕК

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.