«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

QazCovid-in вакцинасының бірінші партиясы сәуірде шығады

Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрлыбек Асылбеков QazСovid-in вакцинасын қашан салдыруға болатынын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«QazCovid-in бойынша биологиялық қауіпсіздік мәселелерімен Ғылыми зерттеу институты (ҒЗИ) айналысады. Бұл ҚР БҒМ ведомствосының құрылымы. Олардың мәліметі бойынша, бүгінде жоспар орындалып жатыр. Клиникалық зерттеулердің 1-2 кезеңі аяқталды. Бірінші кезең наурызда, екіншісі — сәуірде аяқталуы керек. Сондықтан бәрі жоспарлы түрде жүріп жатыр», — деді Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрлыбек Асылбеков ОКҚ брифингінде.

Оның айтуынша, сәуірдің соңына дейін вакцина дайын болуы мүмкін.

«Алғашында 50 мың дозаға дейін шығады, кейін көлемі ұлғая береді. Сондай-ақ технология трансферттерін бере отырып, көп мөлшерде шығару мүмкіндігі бар. Сондықтан сәуірдің соңына қарай алғашқы өнеркәсіптік партия шығарылады деген болжам бар», — деп түйіндеді ол.

Ұқсас ақпараттар

Көк байрағым – мақтанышым

admin_mugalzhar

ЕМБІ ЭЛЕКТР ЖҮЙЕЛЕРІ УЧАСКЕСІ ҮЗДІК ДЕП ТАНЫЛДЫ

admin_mugalzhar

80 ЛЕТ В СТРОЮ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.