«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

СЕНАТ ДЕПУТАТТАРЫ ТЕМІРЖОЛШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Мұхтар Жұмағазиев пен Бауыржан Қаниев Жем локомотив пайдалану депосына арнайы барып, еңбек ұжымымен кездесу өткізді. Кездесу барысында сенаторлар референдум туралы түсініктеме беріп, жұмысшылардың мұң-мұқтажын және пікірлерін тыңдады.

Жиында референдумға қатысты тың ойлар айтылып, депутаттар Жаңа Қазақстанды бірге құруға шақырды. Кездесу ашық пікір алмасу форматында өрбіді. Ұжым қызметкерлері елдің саяси өміріндегі өзгерістерден хабардар екенін және Президент бастамаларынан оң өзгеріс, үлкен үміт күтіп отырғандарын жеткізді. Сондай-ақ депутаттар депо жұмысшыларына референдум кезінде дауыс беру тәртібін де түсіндіріп, көпшілікті саяси науқанда белсенді болуға шақырды.

Ұқсас ақпараттар

«Қазақстан барысы-2024» турнирінің жеңімпазы офицер лауазымына тағайындалды

admin_mugalzhar

Жасанды интеллект 50 мың қазақстандыққа жұмыс табуға көмектесті

admin_mugalzhar

ХҚКО-лар мереке күндері қалай жұмыс істейді?

admin_mugalzhar