«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЗАТЫ-ТАТАР ИІСІ-ҚАЗАҚ

Талдысай ауылында бұл отбасын ешкім «татар» деп тасада қалдырмайды. Қазақы қаймағы бұзылмаған талдысайлықтар Самигулиндер әулетімен жақсы таныс. «Бірлігі жақсының тірлігі тапшы болмайды» дейді әулет анасы Жамиға апа.

Өзі қазақ болғанымен, татар ұлтына келін болып отырған Жамиға апай, жолдасы Ахметулламен 1979 жылы отау құрған. Қазақы дәстүрлерді қатты сыйлайтын өзге ұлт өкіліне тәнті болған әулет анасы жолдасының қазақша білім алғанын, қазақы тәрбие көргенін айтады. Дегенмен татар ұлтының мерекелік күндерін де атап өтіп, ұлттық тағамдарынжасаудыұмытқанемес. — Наурыз мерекесі татар ұлтында да бар. Бұл мерекені ауыл-аймақ болып бірлесе тойлап өтеміз. Наурыз — достық пен сүйіспеншіліктің, молшылық пен татулықтың айы. Наурыз мейрамы – жаңа өмірдің жаршысы болып саналады. Қазақтың ұлттық тағамы наурыз көжені үнемі дайындап, балаларыма ауызтигіземін. Менүшінұлттық тағамдардың орны қашан да бөлек. Жұбайымның өзге ұлт өкілі болғаны мен үшін қиын болмады. Кәдімгі өзіміздің қазақ отбасындай қарсы ала білді. Енем тоқыма тоқу тәрізді дүниелерді үйретті. Өзім осы салада мектепте қызмет жасап, зейнетке шықтым. Бала-шағам да қазақтыңқыздарыналып, шаңырағымызды шаттыққа бөлеп отыр. Татар ұлтына тән «сабан той», «жаңбыр тілеу» тәрізді мейрамдары болады. Оны да ауылмен бірге өзімізше атап өтеміз, — дейді Жамиға Самигулина.

А.АЛТЫБАЕВА

Ұқсас ақпараттар

ЕМХАНАДА ӨТКЕН БІР КҮН…

admin_mugalzhar

НАН БАҒАСЫ БАҚЫЛАУДА

admin_mugalzhar

ПОЛИЦЕЙЛЕР ОТБАСЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.