«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«Самұрық-Қазынаға» жаңа басшы тағайындалды

«Самұрық-Қазына» қорының жаңа басшысы болып Алмасадам Сәтқалиев тағайындалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап. Премьер-министр Асқар Мамин «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ ұжымына басқарманың жаңа төрағасы Алмасадам Сәтқалиевті таныстырды.

Үкімет басшысы Қордың бұрынғы басқарма төрағасы Ахметжан Есімовке Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі және Тәуелсіздік жылдары түрлі мемлекеттік лауазымдардағы тиімді жұмысы үшін алғыс айтты.

Премьер-министр Есімовтің «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ трансформациясын жүргізу және жаңғырту, Қазақстан экономикасын әртараптандыру мен дамытуды арттыру жөніндегі міндеттерді табысты шешкенін атап өтті.

Асқар Мамин Қордың жаңа басшысы Алмасадам Сәтқалиевті таныстыра отырып, оның энергетика саласындағы және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ жүйесіндегі үлкен жұмыс тәжірибесін атап айтты.

«ҚР Тұңғыш Президенті  — Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Самұрық-Қазына» қорының алдында маңызы үлкен міндеттер қойып отыр. Бұл еліміздің инфрақұрылымдық, көлік-логистикалық және индустриалдық дамуын қамтамасыз ету арқылы, сонымен қатар, отын-энергетика кешенін дамыту, инвестицияларды тарту және отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсету арқылы ұлттық экономиканың одан әрі тұрақты дамуына жағдай жасау», — деді Мамин.

Ұқсас ақпараттар

1 МЛН 500 МЫҢ ТЕҢГЕ ГРАНТ ИЕЛЕНДІ

admin_mugalzhar

16 МҰҒАЛЖАРЛЫҚ ЖАС ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ АЛА АЛАДЫ

admin_mugalzhar

ПОДДЕРЖАЛИ БИЗНЕС-ПРОЕКТЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.