«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖЕРЛЕСТЕР ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

2020 жылдың қазан айынан бастап өңірімізде «SD Family» футбол академиясының филиалы ашылғаны туралы «Мұғалжар» газетінде жарияланған болатын. Құрылғанына жарты жыл болған футбол академиясының ойыншылары НұрСұлтан қаласында өткен іріктеу турнирінде үздік деп танылды.

Еліміздің бас қаласы Нұр-Сұлтанда наурыз айының 15- нен бастап «SD Family» футбол академиясының филиалдары арасында Қазақстан чемпионатының І лигасына іріктеу сынының онкүндігі өтті. Аталмыш турнирде «Астана Арена» стадионында Қандыағаш қаласынан құралған ойыншылар құрамы өте жақсы көрсеткіш көрсетіп, қарсыластарын басып озды.

— 2006-2008 жылғы оқушылардан тұратын командамызда 40 шақты ойыншымыз жарысқа қатысуға өтініш тастады. Жарыс өте тартысты өтті. Себебі Қазақстанның әр түкпірінен, мәселен, Алматы, Астана, Орал, Қостанай, Семей қалаларынан жиналған командалар болды. Осы аталған турнирде барлық командалар арасынан үздік атанған мұғалжарлықтар іріктеу сынынан өтіп, Қазақстан чемпионатының І лигасына ойнауға жолдама алды. Бұл — біз үшін, ауданымыз үшін үлкен мақтаныш, — дейді Қандыағаш қалалық «SD Family» футбол академиясының құрылтайшысы Дастан Мырзин.

А.АЛТЫБАЕВА

Ұқсас ақпараттар

Мұғалжарда жеке тұрғын үй жайларында өрт оқиғасы өршіп тұр

admin_mugalzhar

ЖЫЛЫЖАЙ БАҒБАНЫ — ЖАҢЫЛАЙ

admin_mugalzhar

«Ақтөбе» футбол клубы соңғы 7 жылда алғаш рет жеңіс тұғырынан көрінді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.