«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚАНДЫАҒАШТЫҚ СПОРТШЫ ҮЗДІК ОЙЫНШЫ АТАНДЫ

Нұр-Сұлтан қаласының Ж.Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» сарайында футзалдан Қазақстан республикасының чемпионаты өтті. Аталмыш додада Қазақстанның әуесқой футбол лигасының 5-ші маусымына қатысқан ақтөбелік «Рахмет» командасының ойыншысы Шыңғыс Саттаровүздікойыншы атанды.

Әуесқой футбол лигасының финалдық матчында ақтөбелік «Рахмет» командасы мен қарағандылық «Биосфера» ойыншылары арасында тартысты ойын өтті. Ойын қорытындысында ақтөбелік құрама 5:1 есебімен жеңіске жетті. Команда құрамында үздік ойыншы атанған Шыңғыс Саттаров Қандыағаш қаласында футболдан аға жаттықтырушы қызметін атқарады. Жаттықтырушылықтан бөлек, арнайы құрамада ойнайтын ол барлық жұмысын футболға арнаған. — Өзім осы Қандыағаш қаласындағы спорт мектебінде футболданжаттықтырушымын. Футболды бала кезімнен ойнап келемін. Жеткен жетістіктеріміз де бар. Ол бір жағынан салауатты өмір салтын ұстанып, денсаулықты нығайтуға үлес қосады. Жалпы өзім Қандыағаш қаласында құрылған құрамда да, Ақтөбедегі құрамда да ойнай беремін. Ең бастысы, өзім сүйетін іс. «Рахмет» командасы 1 жыл бұрын ашылған болатын. Сол уақытта командағы ойнауға ұсыныс түсіп, бірден қабылдадым. Аптасына 3 рет дайындық-жаттығуларға барып тұрамын, — дейді спортшы Шыңғыс. А.НАҒАШЫБАЙҚЫЗЫ

Ұқсас ақпараттар

НҰРИСЛАМ САНАЕВ ЖАС СПОРТШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

admin_mugalzhar

Паралимпиада ойындары: Давид Дегтярев Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды салды

admin_mugalzhar

АМЕРИКАДА КӨК ТУДЫ ЖЕЛБІРЕТПЕК

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.