«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

НҰРТАС — ЖАС БОКСШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Қандыағаш қаласының мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі, кəсіпқой бокстан «WBC Asia» белдігінің иегері Нұртас Əжбенов спорт мектебінің жас боксшыларымен кездесті.
Санитарлық талаптарға сай өткізілген кездесуде Нұртас Əжбенов өзінің жеткен жетістіктері туралы айтып, жас боксшылардың толғандырған сауалдарына жауап берді.
Кездесуде Нұртас бокс бөлімінің 3 тәрбиеленушісіне өз атынан боксқа қажетті спорттық киім-кешектерді тарту етті.
Кездесу соңында мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Талғат Жұманбетов Нұртастың алдағы жекпе-жектеріне сəттілік тілеп, Алғыс хатпен естелік сыйлықты тарту етті.

Ұқсас ақпараттар

Әлем чемпионаты: Бокстан Абылайхан Жүсіпов қола жүлде иеленді

admin_mugalzhar

АСЫҚ АТУ — БАЛАНЫҢ МЕРГЕНДІГІН ШЫҢДАЙТЫН ОЙЫН

admin_mugalzhar

НУЖНАЯ ПОМОЩЬ

admin_mugalzhar