«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Әлем чемпионаты: Бокстан Абылайхан Жүсіпов қола жүлде иеленді

Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында Абылайхан Жүсіпов қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Абылайхан Жүсіпов (67 келі) жапон Севонрец Окадзавамен қолғап түйістірді.

Екі боксшы тепе-тең деңгейде ойын көрсетті. Үш раундта да бір-біріне бірдей соққы жұмсады. Төрешілер шешімімен Севонрец Окадзава жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.

Айта кетсек, бұдан бұрын Абылайхан Жүсіпов 2017, 2019 жылдарда да әлем чемпионатында қола жүлде алған еді.

Еске салсақ, ел құрамасынан Теміртас Жүсіпов (48 келі), Махмуд Сабырхан (54 келі), Сәкен Бибосынов (51 келі) және Серік Теміржанов  финалға шыққан болатын.

Еске салсақ, ширек финалда Нұрбек Оралбай (80 келі), Санатали Төлтаев (63,5 келі) Асланбек Шымбергенов (71 келі), Саматәли Төлтаев (60 келі) пен Нұрқанат Райыс (75 келі) қарсыластарына жол берді.

Ал ширек финалға дейін Бек Нұрмағамбет (86 келі), Айбек Оралбай (92 келі) пен Нұрлан Сапарбай (92 келіден жоғары) қарсыластарына жол берді.

Ұқсас ақпараттар

Ақтөбелік команда «Ұлы Дала Жорығы» марафон-бәйгесінде үшінші кезеңнің нәтижесі бойынша көш басындағы үштікке кірді

admin_mugalzhar

Ажалың мен бейнетің 700 теңге

admin_mugalzhar

ПРОВЕРИЛИ РЕАЛИЗАЦИЮ ПРОЕКТОВ ИНВЕСТПРОГРАММЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.