«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Мұғалжар ауданының әкімі А.Шерияздановтың өкімімен Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары болып Сансызбай Қалмырзаұлы Мұқанов тағайындалды.

Аудан активіне жаңадан тағайындалған аудан әкімінің орынбасарын аудан басшысы Асқар Тұрарұлы таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.

Сансызбай Қалмырзаұлы Мұқанов 1978 жылы Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Бесқопа ауылында дүниеге келген. Біліміжоғары. Ақтөбе қаласындағы «Дүние» университетін, ҚазақОрыс Халықаралық университетін экономист-менеджер, құқықтану мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын 2001 жылы Бесқопа отбасы дәрігерлік амбулаториясында есепші-амбулатор болып бастаған. 2002-2011 жылдары аралығында Алға аудандық салық комитетінде жетекші, бас салық инспекторы, Алға аудандық салық комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған. 2011-2013 жылдары аралығында Қарғалы аудандық салық басқармасының бастығы, 2013- 2019 жылдары аралығында Алға аудандық салық басқармасының бастығы, Алға аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы қызметтерін атқарды. Осы қызметке тағайындалғанға дейін 2019 жылдың тамыз айынан 2021 жылдың ақпан айына дейін Мұғалжар аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы қызметін атқарды.

«МҰҒАЛЖАР-АҚПАРАТ»

Ұқсас ақпараттар

“AMANAT»: КЕЗЕКТЕН ТЫС XXXII КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

admin_mugalzhar

2021 жылғы мемлекеттік грант тізімі жарияланды

admin_mugalzhar

Зейнетақы мен жәрдемақы өседі

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.