«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУЫЗ СУ ҚҰБЫРЛАРЫ ТАЗАРТЫЛАДЫ

Сәуірдің 5-25 аралығында Қандыағаш қаласындағы «Самал», «Жастық», «Достық», «Финский», «Болашақ» мөлтек аудандары және «Достық» қалашығындағы тұрғын үйлердің су жүйелеріне дезинфекциялық тазарту жұмыстарының жүргізілуіне байланысты ауыз су сапасы төмендейді. Бұл туралы «Коммуналшы» КМК мекемесінің мамандары хабарлады.

— Сумен жабдықтау – халықтың бірінші кезекте өмір тіршілігін қамтамасыз етудің ең маңызды міндеттерінің бірі. Су жүйелерін тазалау – жұқпалы аурулардың таралуына жол бермейді. Ауыз судың ластануының алдын алу арқылы халықтың санитарлық әл-ауқатын бақылауда ұстай аламыз. Осы орайда Қандыағашқаласы тұрғындарынан тұрмыстық қажеттікке байланысты таза ауыз су қорын жинап алуларын сұраймыз, — дейді мекеме басшысы Әбілбай Жукашев. А.НАҒАШЫБАЙҚЫЗЫ

Ұқсас ақпараттар

Азаматтар референдумда жаңа Конституция жобасын қолдап жатса, еліміздің саяси құрылымы түбегейлі өзгереді – Президент

admin_mugalzhar

Биыл 150-ге жуық елді мекенге интернет қосылады

admin_mugalzhar

ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМНІҢ ЖАҢА БЕЛЕСІ

admin_mugalzhar