«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

БАЛАНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ — МАҢЫЗДЫ

Бүгінгі таңда аудандағы 37 мектепте 12 432 оқушы білім алады. Әлемді жайлаған қауіпті індеттің қанатын кеңінен жайып, адамзаттың аяғын алшаң бастырмай, жылдам таралуына байланысты, IVоқу тоқсанында 18 мектептің 1-8,10 сынып оқушылары онлайн форматта, қалған 19 мектептің оқушылары дәстүрлі форматта білім алуда. Балалардың денсаулығы бәріміз үшін маңызды. Сол себептен Ақтөбе облыстық бас санитариялық дәрігердің 2021 жылғы 31 наурыздағы Қаулысына сәйкес барлық білім беру мекемелері талапқа сай, барлық санитарлық норманы сақтай отырып жұмыс жүргізуде. Оқушылар бүгінде үй жағдайында оқып жатса да, мұғалімдердің жіті бақылауында. Мұғалімдер ата-аналармен тығыз байланыста жұмыс жасап, онлайн жиналыстар өткізіп, сақтық шараларын үнемі ескертіп отырады. Сонымен қатар балалардың сабаққа уақытылы қатысуы, сабақ кестелері мен тапсырмалардың Kundelik.kz-ке уақытылы салынып тұруы, оқушылардың жеке басының тазалығы, үнемі қолды сабынмен жуып жүру, антисептик пайдалану, балалардың шаш үлгісі, тәртібі секілді оқушы үшін маңызды мәселелер күн тәртібінен түспейді. Ал мектепте оқып жатқан мектеп бітіруші сыныптар мен елді мекендерде орналасқан ауыл мектептерінің оқушылары дәстүрлі форматта карантин шектеулерін қатаң ұстанып, маска, антисептік секілді қорғаныс құралдарын пайдаланып, балалардың температуралары күнделікті өлшеніп, әлеуметтік арақашықтықты сақтау арқылы оқуда. Құрметті, Мұғалжар ауданының тұрғындары! Сіздерден бүгінде онлайн оқып жатқан балаларыңыздың денсаулығы үшін адамдар көп шоғырланатын ойын-сауық орындары мен дүкендерге апармауларыңыз сұралады. Әрине, бұл уақытша. Сол себепті осы бір жауапты кезеңдегі жағдайға оқушылардың ата-аналары түсіністікпен қарап, сабыр сақтап, орын алған сынақты бірге еңсереміз деген ойдамын. Сенім мен бірлік, тәртіп пен жауапкершілік бәрін жеңеді. Ел болып, халық болып біріксек, бұл індеттен де аман-есен шығамыз. Өзімізді және жақындарымызды қадағалауды естен шығармайық!

Ғайни НҰРСҰЛТАНОВА, аудандық білім бөлімінің басшысы

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанның 15 өңірі «қызыл» аймақта тұр

admin_mugalzhar

Фтизиопульмонология орталығында 197 адам ем алып жатыр

admin_mugalzhar

Жазғы мектеп: Соңғы шешімді ата-ана мен оқушы қабылдайды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.