«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

1 шілдеден бастап ипотека алу шарттары қатаңдайды

Қазақстанда ипотека рәсімдеу ережелері өзгереді. Банктер енді қарыз алушыларды бұрынғыдан да мұқият тексеріп, әр клиентке жеке тәсілмен баға береді.

Басты жаңалық — бірыңғай пайыздық мөлшерлеме жойылады. Оның орнына әр адамға ипотека пайызы жеке есептеледі.

Мөлшерлеме мына факторларға байланысты болады:
• бастапқы жарна көлемі;
• табыс деңгейі;
• несие тарихы;
• қарыз жүктемесі;
• отбасы жағдайы.

Тағы бір маңызды өзгеріс — тек ресми табыс ескеріледі. Яғни, зейнетақы аударымдары арқылы расталмаған кірістер есепке алынбайды.

Енді табысты дәлелдемей немесе қосымша кепілсіз ипотека алу мүмкін болмайды.

Ұқсас ақпараттар

«Таза Қазақстан»: «Таза аула – аға ұрпаққа қамқорлық»

admin_mugalzhar

Қазақстан — достық пен татулықтың символы

admin_mugalzhar

«ЕМБІ-БІРЛІК» ЖОЛ ҚАТЫНАСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУДА

admin_mugalzhar