«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МҰХИТТЫҢ АР ЖАҒЫНАН ЖЕТКЕН КӨМЕК

БІР ЖЫЛ БҰРЫН ЕЛІМІЗДЕ ІНДЕТКЕ БАЙЛАНЫСТЫ КАРАНТИН ЖАРИЯЛАНҒАН СӘТТЕ ЖҮРЕГІНЕ ЖЫЛЫЛЫҚ ТҮЙГЕН ҚАЙЫРЫМДЫ ЖАНДАР ДЕРТ ДЕНДЕГЕН, ТАБЫСЫНАН АЙЫРЫЛҒАН ХАЛЫҚҚА КӨМЕК ҚОЛДАРЫН СОЗДЫ. ОЛАРДЫҢ АРАСЫНДА ШЕТ ЕЛДЕ ЖҮРГЕН ҚАНДАСТАРЫМЫЗ ДА БОЛДЫ.

Мұхиттың ар жағынан жеткен қайырымдылық керуені биылғы Ораза айының алғашқы күнінде жалғасын тапты. АҚШта тұратын, бірақ өз туған жерін ұмытпаған жерлестеріміз ауданымыздағы аз қамтылған отбасыларға және көмекке мұқтаж жандарға демеушілікпен қайырымдылық жасады. Аудандық мүгедектер қоғамының мүшесі Әлия Омарованың айтуынша, бұл көмек Қандыағаш қаласындағы шын мұқтаж 6 отбасына берілген.

— Бұл қайырымдылық шарасы қандай да бір қоғамдық ұйымның, не болмаса мемлкеттік бағдарламаның қатысуынсыз жасалып жатқан дүние. Халық даналығы «оң қолың жасаған жақсылықты, сол қолың көрмесін» дейді ғой. Сол себепті қайырымдылық жасап жатқан жандар аттарының аталғанын қаламайды. Игі іске мұрындық болған осы қайырымды жандар осы уақытқа дейін 30-дан астам мұғалжарлық отбасына шынайы көмектерін тигізді. Біз бұл отбасыларға олардың атынан әлеуметтік пакеттерді табыстадық. Әлеуметтік пакетте күнделікті қажетті ұн, қант, күріш, сұйық май, көкөністер мен жеміс жидек, т.б. азық-түліктер бар. Сонымен қатар азықтүліктерді қажетті жеріне жеткізуге үлес қосқан қандыағаштық жүргізуші Қанат аға мен инстаграм парақшасындағы izgi_qala волонтерларына алғыс білдіремін, — деді Әлия Аруинқызы.

Н.КЕСІКҚҰЛ

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда 665 Ұлы Отан соғысының ардагері тұрады

admin_mugalzhar

Экология министрі Қазақстанның ауасы ең лас 10 қаласын атады

admin_mugalzhar

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс отыз алтыншы сессиясын шақыру

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.