«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

2000-ҒА ЖУЫҚ МҰҒАЛЖАРЛЫҚҚА ЕКПЕ ЕГІЛДІ

АУДАН БОЙЫНША 2000-ҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН «СПУТНИК V» ЕКПЕСІН САЛДЫРҒАН. ОСЫ УАҚЫТҚА ДЕЙІН ЕКПЕ АЛҒАНДАРДЫҢ АРАСЫНДА КЕРІ ӘСЕР БЕРІП, АУЫРҒАНДАР БАЙҚАЛМАҒАН. БҮГІНДЕ ВАКЦИНАЦИЯЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА.

Наурыз айында басталған екпені алғашқы болып инфекциялық ауруханаларда, жедел жәрдемде жұмыс істейтін медицина қызметкерлері мен санэпидқызметкерлер алған еді. Екінші кезеңде мектеп мұғалімдері, ішкі істер бөлімінің қызметкерлері мен мемлекеттік қызметкерлерге салынуда. Сонымен қатар екпені есепте тұрған созылмалы ауруға шалдыққан науқастар да алуда. Мұғалжар аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Айбек Сүгіров бүгінде 1160 адамның екпе алғанын айтады. Оның ішінде 299-ы медицина, 76-сы төтенше жағдайлар, ішкі істер желілік полиция, ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері, 111-і мұғалімдер, 28-і мемлекеттік қызметкерлер. Сондай-ақ 44 созылмалы ауруға шалдыққан науқас, 2 студент, 600 қала тұрғыны екпе алған.

Ал Ембі аудандық ауруханасының бас дәрігері Ерлан Бұқарбаевтың айтуынша, бүгінгі таңға Ембі регионы бойынша вакцинаның 700 дозасы алынған.

— Ембі аудандық ауруханасына наурыз-сәуір айларында «Спутник V» екпесінің 700 дозасы келді. Індетке қарсы вакциналауды қала халқының әртүрлі топтары мен эпидемиялық маңыздылығын ескере отырып, кезең-кезеңмен жүргіздік. Алғашқы кезеңде вирусты жұқтырып алу қаупі жоғары тобына жататын медицина қызметкерлері екпе алды. Сонымен қатар басымдық бойынша эпидемиялық маңызы бар топтарға салынды. Енді 21 күн аралығында салынатын 2- ші реттік компонентін күтіп отырмыз. Екпе алғандардың арасында кері әсерін беріп, науқастанғандар болмады, — деді Ембі аудандық ауруханасының бас дәрігері Ерлан Бұқарбаев.

Н.ТІЛЕП

Ұқсас ақпараттар

АУДАНДА 20 МИЛЛИОНЫНШЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТЫҢ ҚАТАРЫНА КІРГЕН СӘБИЛЕР ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

admin_mugalzhar

Бейруттағы жарылыстан қайтыс болғандардың саны 100-ден асты

admin_mugalzhar

АУЫЛ ЖОЛДАРЫНА АСФАЛЬТ ТӨСЕЛУДЕ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.