«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Мемлекет басшысы Амал күнімен құттықтады

Амал келгенде амандық білісу – көне заманнан жалғасқан айрықша дәстүріміз.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын амал күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.

Құрметті отандастар!

Сіздерді әз Наурыздың бастауы – Амал күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Амал келгенде амандық білісу – көне заманнан жалғасқан айрықша дәстүріміз.

Қыстан шығып, шуақты көктемге аман жеткен ағайын осы күні бір-бірімен көріседі. Жастар үлкендерге сәлем беріп, қариялардың батасын алады. Халқымыз ежелден осындай ғұрыптар арқылы бауырмалдық пен жанашырлықты, татулық пен мейірімділікті дәріптеп, ұрпақтың бойына асыл қасиеттерді сіңіре білген. Мұның бәрі қазіргі Қазақстанның Адал азамат тұжырымдамасымен толық үндеседі.

Бүгінде Наурыз мейрамы алдындағы көрісу ғұрпы қайта жаңғырып, жалпыұлттық сипат ала бастады. Осы бірегей дәстүріміз еліміздің ырысты ынтымағы мен берекелі бірлігін нығайта түседі деп сенемін.

Әр шаңырақ шаттық пен қуанышқа кенелсін! Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!

Айдан аман, жылдан есен болайық! – деп жазды Президент құттықтауында.

Ұқсас ақпараттар

«БРИЛЛИАНТ» КӨРШІЛЕР МЕРЕКЕНІ АТАП ӨТТІ

admin_mugalzhar

Ақтөбеде шектеу ережесін бұзған түнгі клуб анықталды

admin_mugalzhar

Как открыть счет для добровольных пенсионных взносов

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.