«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

27 сәуірде елімізде телевизия мен радио трансляция уақытша өшіріледі

2021 жылы 27 сәуірде сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Жоспарлы-профилактикалық жұмыстар байланысты, яғни жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады.

Еске сала кетейік, «Қазтелерадио» АҚ тоқсан сайын жерсеріктік және эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Бұл жұмыстар телерадио хабарларын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшін қажет.

Ұқсас ақпараттар

Ақтөбе облысында жастарды жұмыспен қамту мен кәсіпкерлікті дамытуға ерекше көңіл бөлінуде

admin_mugalzhar

Қазақстанда медицина қызметкерлерінің жалақысы өседі

admin_mugalzhar

IX ҚЫСҚЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНА СПОРТШЫЛАР САҚАДАЙ САЙ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.