«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

30 ЖЫЛДЫҚҚА — 30 ИГІ ІС

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес Жағабұлақ ауылында «30 игі іс» ұранымен екі айлық сенбілік аясында қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Батпақкөл ауылдық округі əкімі аппаратының ұйымдастыруымен өткізілген игі іске
«Қазақойл Ақтөбе» мекемесі үлесін қосты.

Аталмыш мекеменің қолдауымен Жағабұлақ ауылындағы тыл ардагерлерінің, жалғыз басты қариялар мен аналардың үйлерінің аулалары күл-қоқыстан тазартылды.
Игі іске демеу болған мекемеге ауыл тұрғындары ризашылықтарын білдіруде. Қайырымды шара алдағы уақытта округтегі Жаркемер, Саға, Қожасай ауылдарында өз жалғасын табатын болады.

Ұқсас ақпараттар

РАМАЗАН — РАҚЫМ АЙЫ

admin_mugalzhar

UFC Макгрегор мен Порье жекпе-жек өткізетінін растады

admin_mugalzhar

Қазақстанда әрбір баланың Ұлттық қордан ақша аударатын есепшоты болады

admin_mugalzhar