«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАНДАР АРДАҚТАЛДЫ

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ, ЕЛБАСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ БАСТАМАСЫМЕН ЕЛ БОЙЫНША ЖАРИЯЛАНҒАН «ДӘРІГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ» АКЦИЯСЫ АУДАНДА ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ. ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫНЫҢ МАҚСАТЫ – ІНДЕТ КЕЗІНДЕ ӨМІРЛЕРІНҚАТЕРГЕТІГІП, АДАМ ЖАНЫНЫҢ АРАШАСЫ БОЛҒАН АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАНДАРДЫҢ ЕРЛІГІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТУ.

Акция аясында аудан әкімі Асқар Шериязданов Мұғалжар аудандық ауруханасының бас дәрігері Миржан Талғарұлы бастаған дәрігерлер қауымын қабылдады. Оларға естелік кітап пен «Nur Otan» партиясының Алғыс хатын табыстап, жылы лебізін жеткізді. Ардақтау марапаты Ембі ауруханасының медицина қызметкерлеріне де көрсетілді. Аудан басшысы Асқар Тұрарұлы Ембі қаласына арнайы барып, дәрігерлермен жүздесіп, алғысын білдіріп, естелік сыйлықтарын табыстады. Қандыағаш қаласындағы партия филиалы ғимаратында жалғасын тапқан құрмет көрсету рәсімінде аудандық аурухана мен «Шапағат» ауруханасының дәрігерлеріне иммунитетті нығайтуға арналған азық-түлік себеттері табысталды.

— Коронавирус инфекциясы өткен жылдан бері дәрігерлердің мойнына үлкен жауапкершілік артты. Былтырғы қиын жағдайдың уақытында да бұл игі іс аудан көлемінде жүзеге асырылған болатын. Бүгінде республика деңгейінде жалғасын тауып жатыр. Дәрігерлердің еңбегі ардақтауға тұрарлық. Олардың күні-түні қандай жағдайда еңбек етіп жүргенін, қорғану киімдерімен бірнеше сағат бойы жұмыс жасайтынын жақсы білеміз. Сондықтан дәрігерлерге партия атынан алғыс айтамыз, — деді «Nur Otan» партиясының аудандық филиалы төрағасының орынбасары Көмекбай Бектұрғанов.

Н.КЕСІКҚҰЛ

Ұқсас ақпараттар

АТА ЗАҢҒА — 28 ЖЫЛ

admin_mugalzhar

1 МЛН 500 МЫҢ ТЕҢГЕ ГРАНТ ИЕЛЕНДІ

admin_mugalzhar

Қандыағаштың жолдары жөнделе бастады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.