«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстандықтар мамыр айында қанша күн демалады

Қазақстандықтар 2022 жылдың мамыр айында үш үлкен мейрамды атап өтеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған Mugalzhar.kz.
Бұлар 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні, 9 мамыр – Жеңіс күні.

1 мамыр жексенбі күнге түскендіктен, қазақстандықтар 2 мамыр күні де демалады.

Отан қорғаушылар күні – 7 мамыр сенбі күніне дәл келгендіктен, демалыс күні 10 мамырға ауыстырылады. Жеңіс күнімен қоса есептегенде, ел тұрғындары 7 және 10 мамыр аралығында бірден 4 күн демалады.

Осылайша мамырда жалпы демалыстар саны 5 күндік жұмыс аптасы үшін 12 күн , 6 күндік жұмыс аптасы үшін 8 күн болмақ.

Ұқсас ақпараттар

ЖИ Қазақстан экономикасын қалай өзгертеді?

admin_mugalzhar

ТҮНГІ РЕЙД ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

admin_mugalzhar

Ел дамуына жаңа серпін береді

admin_mugalzhar