Атақты әнші және композитор Ескендір Хасанғалиев 82 жасына қараған шағында қайтыс болды. Бұл туралы мәдениет және спорт вице-министрі Нұрқиса Дәуешов хабарлады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұған дейін Ескендір Хасанғалиев коронавирус жұқтырғаны анықталған. Бірнеше күн бойы ол ауыр халде жатып, жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған болатын.
Ескендір Хасанғалиев — қазақстандық әйгілі композитор-әнші, лирикалық баритон. Заманауи қазақ әндерінің негізін қалаушылардың бірі.
Ол 1940 жылы Батыс Қазақстан облысының Батбақкөл ауылында дүниеге келген.
Қоңыр дауысының арқасында жылдар бойы халық әндерін орындап, радио мен теледидарда солис болды. Ескендір Хасанғалиев өзінің алғашқы «Анаға сәлем» әнін 1961 жылы жазды.
Қадыр Мырзалиевтің сөзіне жазылған «Атамекен» («Әкелер жері») патриоттық әні 1970 жылы Қазақ КСР-нің 50-жылдығына арнап жазылып, елге кең тарады.