«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖЕМ КӨШЕЛЕРІНЕ ДИОТТЫ ШАМДАР ОРНАТЫЛУДА

Жем қаласында көшелерді жөндеу, абаттандыру және жарықтандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Ол туралы қала әкімі Жұматай Бисенов хабарлады.

Бүгінде қалада жалпы саны 13 көше бар. Оның 11- і жарық шамдармен қамтамасыз етілген. Қала орталығындағы В.Унучко көшесіне заманауи электр қуатын үнемдейтін 25 диотты лед жарықшамдары орнатылған. Алдағы уақытта қалған көшелерге диотты лед жарықшамдарын орнату жоспарлануда.

— Келер жылы әлі күнге дейін жарықтандырылмаған екі көшеге жарықшамдар қоюды жоспарлап отырмыз. Сонымен бірге Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесіне орай, қала кәсіпкерлерінің демеушілігімен «Жастар» және «Бейбітшілік» көшелерінде №10,11, 12 көпқабатты тұрғын үйлердің алдына балаларға арналған ойын алаңдары орнатылды. Абаттандыру саласы бойынша қала аумағына 250 түп ағаш отырғызылды. «Әйтеке би», «Бейбітшілік», «Гагарин» көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отырмыз. Бүгінде құрылыс жұмыстарының жобалық — сметалық құжаттары дайындалуда, — деді қала әкімі Ж. Бисенов.

Н.АБАТ

Ұқсас ақпараттар

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ ДАУЫС БЕРДІ

admin_mugalzhar

ТҰРҒЫНДАР ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛУДА

admin_mugalzhar

Жәнібек Әлімханұлы аргентиналық «Сиқыршыны» нокаутқа жіберді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.