«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы белгілі болды

Орта салмақтағы бразилиялық боксшы Эсквива Фалькао орта салмақта IBF және IBO чемпионы Головкинмен жұдырықтасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жекпе-жектің нақты күні әлі белгіленбеген, бірақ барлық белгілер жекпе-жектің тамыз айында болатынын көрсетеді.

«Мен қазіргі әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен кездесуім керек. Бұл жекпе-жек маған өте жақсы болады, сенімдімін. Жекпе-жек Лас-Вегаста өтеді», — деді Эсквива Фалькао Lance.com.br сайтына берген сұхбатында.

Фалькао 2011 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды және 2012 жылғы Олимпиада ойындарында күміс алды.

Бұған дейін Геннадий Головкин 31 желтоқсанға жоспарланған жапондық Риота Муратамен жекпе-жек өткізеді деп хабарланған еді.

Ұқсас ақпараттар

Ұлттық құрылтай – қоғамдық диалогтың жаңа сапалық кезеңі

admin_mugalzhar

АУДАН ӘКІМІ МҰҒАЛЖАРЛЫҚ ҚҰТҚАРУШЫНЫ ҚАБЫЛДАДЫ

admin_mugalzhar

АУДАН ӘКІМІ КӘСІПҚОЙ БОКСШЫ НҰРТАС ӘЖБЕНОВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.