«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

СПУТНИК V: ТҰРҒЫНДАР 2-ШІ РЕТТІК КОМПОНЕНТІН АЛУДА

Қазіргі таңда Мұғалжар ауданы бойынша соңғы дерекке сүйенсек, 3360 тұрғын ресейлік «Спутник V» екпесін алған. Екпе салдырғандардың арасында кері әсер туындап, көмекке жүгінгендер тіркелмеген. Олардың ішінде 2-ші реттік компонентін салдырғандар да бар. Бүгінде вакцинациялауға қатысты шаралар мен екпе жүргізу жұмыстарының бірқалыпты өтіп жатқанын айтады мамандар.

Мұғалжар аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Айбек Сүгіров бүгінге дейін 2080 адам екпе алғанын айтады. Қазіргі таңда әкелінген 2350 дозаның 270-і қалыпты. Ал Ембі аудандық ауруханасы індетке қарсы вакциналауды тұрғындардың әртүрлі топтары мен эпидемиялық маңыздылығын назарға ала отырып, кезең-кезеңмен жүргізген. Алынған 1400 дозаның 1280-і егіліпті. «Шапағат» ауруханасына 450 доза әкелінсе, оның 430-ы егіліп, 20-сы қалып отыр.

— Екпе салғандардың арасында кері әсерімен шағымданғандар болмады. Жағдайлары тұрақты, екпе алғаннан кейін қызу болуы қалыпты және одан қорықпау керек екенін айтқым келеді. Бастапқыда әкелінген 2350 дозаның 2080-і игерілуі — жақсы нәтиже. 2-ші реттік компонентін алу алғашында 21 күн аралығында болса, енді 45 күннен 90 күнге дейін ұзартылды. Екпе жұмыстары әлі де жалғасып жатыр, — дейді Айбек Сүгіров.

А. НАҒАШЫБАЙҚЫЗЫ

Ұқсас ақпараттар

АУДАНДА ЕКІ АДАМ КОРОНОВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ

admin_mugalzhar

Ораза қандай жағдайда бұзылады?

admin_mugalzhar

Ерлерге кеңес: 8 наурызда қандай сыйлық беруге болады?

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.