«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МҰҒАЛЖАРЛЫҚ ҰШҚЫШТАР

«…ПОТОМУ, ПОТОМУ, ЧТО МЫ — ПИЛОТЫ! НЕБО — НАШ, НЕБО — НАШ РОДИМЫЙ ДОМ!..» ДЕП ӘНДЕТІП ЖҮРГЕНДЕРДІҢ ҚАТАРЫНДА МҰҒАЛЖАРЛЫҚТАР ДА БАР. ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІНЕ ОРАЙ «МҰҒАЛЖАРДЫҢ» ОҚЫРМАНДАРЫНА ӨЗ МАМАНДЫҚТАРЫНЫҢ ҚЫЗЫҒЫ МЕН ҚИЫНДЫҒЫ ТУРАЛЫ АЙТЫП БЕРГЕНДЕР — ЖЕРДЕН ГӨРІ КӨКТІҢ «ТІЛІН» ТҮСІНІП, УАҚЫТЫНЫҢ БАСЫМЫН АСПАНДА ӨТКІЗУДІ МАҚСАТ ЕТКЕН ҰШҚЫШ ПЕН СОЛ ЖОЛДА БІЛІМ АЛЫП ЖАТҚАН СТУДЕНТ ЖЕРЛЕСТЕР.

Жарасхан ЖӘНІБЕКОВ:

— 1994 жылы қаңтар айында Батпақкөл округінің Жағабұлақ ауылында дүниеге келдім. Кейін Ембі қаласына қоныс аудардық. 2012 жылы мектепті тәмамдап, жоғары оқуға емтихан тапсырдым. Нәтижесі өте жақсы болып, бала кезгі арманыма бір табан жақындағандай болдым. Содан бірден Ақтөбе қаласындағы Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Бегелдинов атындағы әуе қорғаныс күштерінің әскери институтына құжаттарымды тапсырып, оқуға қабылдандым. 4 жылдық оқудың нәтижесінде ұшқыш дипломымды алып шықтым. Қазіргі таңда Алматы қаласында өз мамандығым бойынша қызмет жасаймын. Қызметтегі дәрежем — аға лейтенант. Сәті түссе, осы жылы капитан дәрежесіне қолжеткізгелі отырмын. Осы уақытқа дейін ТЛ-2000, Ан-26, Ан-2, С-295 ұшақтарын басқардым. Жалпы ұшу сағатым — 700 сағат. Қазір С-295 ұшағының ұшқышымын.

Ұқсас ақпараттар

МЕНІҢ МЕКТЕБІМ

admin_mugalzhar

СУРЕТТІ СӨЙЛЕТКЕН МЕРУЕРТ

admin_mugalzhar

ДӘМЕШ ТІККЕН КӨРПЕЛЕР…

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.