«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЕКПЕ АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ТҰРҒЫНДАРДЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНАЦИЯЛАУ АУДАН АУМАҒЫНДАҒЫ АУЫЛДАРДА ДА ЖҮРГІЗІЛУДЕ. МҰҒАЛЖАР АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНА ҚАРАСТЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРДІҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ҮШІН БӨЛІНГЕН «СПУТНИК-V» ВАКЦИНАЦИЯСЫНЫҢ ДОЗАЛАРЫ ТОЛЫҚТАЙ САЛЫНҒАН.

Мұғалжар аудандық ауруханасы бойынша бүгінгі таңда 2600 адам екпе алған. Оның 989-ы екінші компонентін салдырған. Ал алдағы уақытта 1761 адам індетке қарсы вакцинацияның 2-ші компонентін алады деп күтілуде.

— Мұғалжар аудандық ауруханасы бойынша осы жылы 17500 адамға екпе салынады деп жоспарлап отырмыз. Бүгінде оның 2600-і алды. Қазіргі күнге дейін екпеден кейін кері әсер етіп, сырқаттанушылар болған жоқ. Дәрігерлер екпе жасар алдында оның ағзаға әсерін, өзін жайсыз сезінсе, қалай әрекет ету қажеттігін жан-жақты айтып, түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Бұл вакцина егу барысындағы басты қағидаттардың бірі болып табылады. Вакцина алып, ауырмаудың жолын табуымыз қажет, — деді аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Айбек Сүгіров.

Мұғал жар аудандық ауруханасының мамандары екпемен қамту кезінде созылмалы аурулары бар 100 адамға вакцина салған. Олардың 64-і бірінші кезеңін, 36-сы екінші кезеңін алып үлгерген. Ал жағдайы ауыр, созылмалы жүрек, бүйрек, бауыр, қант диабеті, аллергияға шалдыққан, бүгінде аппараттың немесе препараттың көмегінсіз жүре алмайтын науқастар екпе алмайды. Ол үшін арнайы маман-дәрігердің кеңесі және екпе алуға болмайтыны туралы анықтамасы қажет. Ал Ембі аудандық ауруханасы бойынша «Спутник V» вакцинасының 1-ші компонентінен 2000 доза келіп, толықтай екпе жасалды. 10 мамыр күні «Hayat Vax» вакцинасының 1-ші кезеңі бойынша 500 доза келіп, қазіргі таңда 60 дозасы егілген. Жалпы 2 компонентті 700 адам алып үлгерген. Н.ІЗТҰРҒАНҚЫЗЫ

Ұқсас ақпараттар

МҰҒАЛЖАР АУДАНЫНДА 14 ҮЙ САЛЫНЫП ЖАТЫР

admin_mugalzhar

ЖАНУАРЛАРДАН ЗАРДАП ШЕККЕН 100 АДАМ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕККЕ ЖҮГІНГЕН

admin_mugalzhar

МҰҒАЛЖАР АУЫЛЫНА ГАЗ ТАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.