«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Дәрігер душқа қай уақытта түсу керек екенін айтты

Душ кірді, соның ішінде күні бойы жиналатын микробтарды, шаңды, сонымен қатар денеде жиналған терді кетіреді, деп түсіндірді косметолог
Британдық косметолог дәрігер Рекхи Тэйлор душқа түсу қай уақытта денсаулыққа пайдалы болатынын айтты, деп хабарлады Медикфорум.
Көптеген адам күнделікті душқа түскенді жақсы көреді, бұл адамға рахат сыйлап, ақыл-ой мен денені жасартады.
«Адамдар өзіне қолайлы уақытта суға түскенді ұнатады, алайда жуынудың оңтайлы уақыты бар», — деп мәлімдеді дәрігер.
Оның айтуынша, душқа кешкі уақытта түсу керек. Ол терінің саулығы үшін қажет.
Кешкі душтың басты артықшылықтарының бірі теріні ұйықтар алдында тазартады. Мұндай душ кірді, соның ішінде күні бойы жиналатын микробтарды, шаңды, сонымен қатар денеде жиналған терді кетіреді, деп түсіндірді сарапшы.
«Кешке душқа түсу арқылы ұйықтар алдында теріңізді тазартып, сол арқылы оны түн ішінде қайта қалпына келуге мүмкіндік бересіз», — деп атап өтті косметолог дәрігер.
Маман түнгі ұйқының уақыты терінің қалпына келуі үшін өте маңызды екенін және оның тазалығы, терідегі ұсақ тесіктердің бітелмеуі бұл процеске оң ықпал ететінін атап өтті. Осылайша теріні безеуден және басқа жағымсыз зақымданулардан қорғауға болады.
Тейлордың пікірінше, ұйқыға жатар алдындағы жылы душ немесе ванна ұйқы процесіне көмектеседі. Sleep Medicine Reviews журналында жарияланған мәліметтерге сәйкес, душқа ұйқыға дейін бір-екі сағат бұрын түсу денсаулыққа пайдалы: бұл ұйқы сапасын жақсартуы мүмкін.

Ұқсас ақпараттар

Шетелдіктер Қазақстанға коронавирусты анықтайтын тестпен ғана кіре алады

admin_mugalzhar

Бидайдың сатылымдағы бағасы айтылды

admin_mugalzhar

Еліміздің барлық әуежайында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.