«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстанда журналистердің салалық кәсіподағы құрылды

Қазақстанда Бұқаралық ақпарат құралдары мен телерадио хабарларын тарату қызметкерлерінің «BAQ KASIPODAQ» салалық кәсіподағы» құрылды. Бұл туралы ZOOM платформасында ұйымдастырылған бейнеконференцияда айтылды. Конференцияға қазақ телевизиясында ұзақ жылдар еңбек еткен белгілі журналистер Арман Сқабылұлы, Махат Садық, Қымбат Досжан, Зейін Әліпбек, «Astana Tv» телеарнасының бас директоры Құрманбек Жұмағали, «Хабар 24» телеарнасының директоры Ольга Цой мен «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қорының бас директоры Евгений Кочетов, «Айқын» газетінің бас редакторы Нұрмұхаммед Байғараев, журналист, «Ibalaqai» жобасының продюсері әрі жүргізушісі Махаббат Есен және өзге де журналистер мен БАҚ саласының медиаменеджерлері қатысты. Журналистердің салалық кәсіподағы отандық БАҚ саласының дамуы, тілшілер қауымының қоғамдағы ықпалы мен рөлінің артуына, мәртебесінің көтерілуіне күш салады. Ұйым төрағасы ретінде журналистикада 30 жылдық тәжірибесі бар, көрермен көзайымына айналған белгілі тележүргізуші Зейін Әліпбек ұсынылып, салаға жетекшілік ететін болды. Өз сөзінде конференция модераторы, «Astana Tv» телеарнасының бас директоры Құрманбек Жұмағали: «Өкінішке қарай, журналист қауымның кәсіби жұмысы көбіне еленбей, көлеңкеде қалып жатады. Кейде, әріптестеріміз қызметтік міндетін орындау кезінде түрлі кедергілерге тап болатынын да көріп жүрміз. Сондықтан, журналистердің құқықтық, әлеуметтік мәртебесін көтеруге барынша күш салуымыз керек. Бұл мәселемен жүйелі түрде айналысатын бізге БАҚ қызметкерлерінің одағын құру қажеттілігі туып отыр», – деп атап өтті онлайн кездесуде. Салалық кәсіподақ басшысы Зейін Әліпбек құрылымның жоспары мен алдағы бағыттары туралы жан-жақты баяндап берді. «Алда журналистердің әлеуметтік-құқықтық жағдайын жақсартуды көздейтін көптеген шаруалар, игі бастамалар тұр. Әсіресе, журналисттердің шеберлігін шыңдап, кәсіби өсуіне бағытталған және қазақстандық БАҚ-тың әлеуетін күшейтуге арналған ілкімді жобалар бар. Оны тек қана кәсіподақ атқарады деуге болмайды. Оның барлығына сіздермен, құрметті әріптестер, бірлесе отырып қана қол жеткізе аламыз», – деп атап өтті Зейін Әліпбек. Конференция барысында БАҚ басшылары мен журналистер кәсіподақтың құрылуын дер кезінде қолға алынған бастама деп бағалап, жүйелі жұмыс істеп, табысты нәтижелерге қол жеткізеді деген сенімін білдірді. Айта кету керек, 2020 жылғы 10 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда 3669 БАҚ тіркелген. Барлығы 2964 мерзімді басылым, 161 телеарна, 73 радио, 471 ақпараттық агенттік және желілік басылым бар.

Ақпарат көзі: «BAQ KASIPODAQ» салалық кәсіподағы» баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ДОРОГА НЕ ПРОЩАЕТ ОШИБОК!

admin_mugalzhar

Қандыағаш көшелерінде вандализм белең алып тұр

admin_mugalzhar

МҰҒАЛЖАРДАН НҰР-СҰЛТАНҒА ЕТ ӨНІМДЕРІ ЖЕТКІЗІЛДІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.