«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«КЕНТАВР» ЖШС-і: МӘСЕЛЕ ШЕШІМІН ТАБАДЫ

«МҰҒАЛЖАРДЫҢ» ӨТКЕНН ӨМІРІНДЕ ҚАНДЫАҒАШ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ҚОЛҚАНЫ ҚАПҚАН, ЖАҒЫМСЫЗ ИІС МӘСЕЛЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ «ЖАҒЫМСЫЗ ИІС «ЖЫРЫНЫҢ» НҮКТЕСІ ҚАШАН ҚОЙЫЛАДЫ?» ДЕГЕН ТАҚЫРЫПТА МАҚАЛА ДАЙЫНДАЛЫП, ЖАСАЛҒАН ЖҰМЫСТАРМЕН АЛДАҒЫ ЖОСПАРЛАР ТУРАЛЫ ОҚЫРМАНДЫ ХАБАРДАР ЕТКЕН БОЛАТЫНБЫЗ. МӘСЕЛЕНІ ШЕШУ ЖОЛЫНДАҒЫ ІСТІ АЛДАҒЫ УАҚЫТТА ДА ЖАРИЯЛАП  ОТЫРУҒА УӘДЕ ЕТТІК. АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІНІҢ ЖУЫРДА ӨТКЕНК ЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫНДА КҮН ТӘРТІБІНЕН ТҮСПЕЙ ТҰРҒАН ОСЫ МӘСЕЛЕ ТАҒЫ ДА КӨТЕРІЛДІ.

«Кентавр» ЖШС-нің өндіріс қалдықтарынан ауаның ластанып, қоршаған ортаның экологиялық жағдайына тигізетін әсері жайындағы мәселе көтерген қоғамдық кеңес төрағасының міндетін атқарушы Шәмшат Әбдірзақтың төрағалығымен өткен отырыс барысында «Кентавр» ЖШС-нің жаңадан келген директоры Ердос Құлтановтың баяндамасы тыңдалды. Ол өз баяндамасында зауыттың өндіріс қалдықтары төгілетін су қоймаларындағы №1 және №2 карталардағы жағымсыз иісті жою үшін жұмыстанып жатқанын жеткізді.

— Су қоймасы қоршаған ортаға, ауаға кері әсерін тигізбейді. Ол дайындалған стандартқа сәйкес келеді. Қалдықтардың жерге еніп, кері әсерін тигізеді деуге негіз жоқ. Жағымсыз иісті жою үшін бүгінде хлорелла сатып алынды. Қалдық су қоймаларындағы сулардың барлығы сорылып алынғаннан кейін, су түбінде шөккен шлам қалдықтары қырылып алынады. Бүгінгі таңда «АрманМ» ШҚ-ның басшысы Қазыбек Әлішевпен келісім-шарт жасап, иісті шығармау мақсатында жүйелі жұмыстар атқарып жатырмыз. Қала тұрғындарынан бізге аз ғана уақыт берулерінсұраймыз. Жақын арада бұл мәселе шешімін табады деп уәде береміз, — деді «Кентавр» ЖШС-нің директоры Ердос Құлтанов.

Н.ТІЛЕП

Ұқсас ақпараттар

Базар маңындағы тозығы жеткен дүңгіршектерді жаңарту мәселесі талқыланды

admin_mugalzhar

Жастар – қоғамның айнасы

admin_mugalzhar

СТУДЕНТТЕР КӘСІПОРЫНДА ӨНДІРІСТІК ТӘЖІРИБЕДЕН ӨТЕДІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.