Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен жапондық Риота Мурата 28 желтоқсанда Токиода орта салмақтағы титулдар үшін бірігу жекпе-жегін өткізу туралы келісімге келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі The Athletic басылымына сілтеме жасап.
39 жастағы Головкин (41-1-1, 36 КО) — IBF және IBO титулдарының иегері. Ол 2020 жылдың желтоқсанында соңғы жекпе-жегін өткізді. Ол жетінші раундта техникалық нокаутпен польшалық Камил Шереметуды жеңді. Головкиннің спорт тарихындағы жалғыз жеңіліс мексикалық Сауль Альвареспен жекпе-жек нәтижесінде болды.
35 жастағы Мурата (16-2, 13 КО) — WBA әлемнің супер чемпионы. Бұған дейін Головкин мен Мурата бір картада осы жылдың тамыз-қыркүйек айларында ойнайды деп хабарланған болатын. Олардың қарсыластарының аты-жөндері әлі айтылған жоқ. Олардың бетпе-бет жекпе-жегі алғашында 31 желтоқсанда, Жаңа жыл қарсаңында өтуі керек еді.