Қоғамдағы қатынас тепе-теңдігіне тойдағы бақталастық пен бассыздықтан сызат түскеніне көзім жетуде. Неге, қалай дейсіз ғой?! Біз «Көрпеңе қарай көсіл» нақылының мән-мағынасын түсінуден қалыппыз. Ескіден қалған есті сөздің мәнісінен әліңе, шама-шарқыңа қарай әрекет қыл, қолда барды сарқа жұмсамай, келешегіңдіойладегенді ұғасыз. Бірақ, біз көрпемізді бойымызға шақтап жамылып жүрміз бе, осы? Міне, мәселенің мәнісі осында. Расында, «байдың асын байғұс қызғанады» дегеннің кейпін киіп жүргендейміз. Бірақ оны мойындағымыз келмейді…
Бұрындары қалай еді? Елдің бай-бағландары қызықшылығына алыс-жақындағы құда-жекжат, ағайын-туысты шақырып, қазан көтеріп, ат шаптырып, бәйге үлестіріп, балуан белдестіріп, ас беріп, жиын-той жасаған. Сосын, ауыл-аймақтағы кедей-кепшікке «бір тойып же» деген ниетте дастархан жайған. Яғни, «той» кедей-кепшіктің шамадан тыс ішіп-жеу мағынасында қолданған-тұғын. Бұйрық райымен айтылған «тойыңдар» сөзінің түпкі мән-мағынасы осында. Сондықтан болар, тарихтан «пәленше деген кедей ұлан-асыр той жасады» деген сөзді кезіктіре алмайсыз. Осы жерде ысырапшылдыққа, көзбояушылыққа, қанағатсыздыққа жол ашылатындай. Аяғы басында баспанасы жоқ, несиеге өмірі байланған жастар жараса алмай, ажырасыпжатады. Тіпті, үйленгеннің жартысынан көбісінің дәмтұзы жараспай, жесір мен жетім көбейді.
Әрине, бұған әр түрлі әлеуметтік мәселелер себеп болуда. Дегенмен, қарызға, несиеге жасалған тойдың да жанама болсын әсері бар… Бүгінгі тойдың мәні мен сәні жойылды. Жасына қарамай үлкендер де, балалар да тойға барады. Тойымыз сайқымазақ шоуға айналып бара жатқандай. Сонымен қатар, менталитетімізге сәйкес келмейтін мінез-құлық танытатын ойын-сауық басым. Бір-бірінен ұят жоқ, әсіресе ойын ойнау жерге жатып, домалап, бір-бірінің үстіне мінуден де тайынбайды. Қыздан да, ұлдан да ұят қалған. Сол тойда отырған жастарымыз ерсі би билейді. Сонда біз жас ұрпаққа не үйретіп жатырмыз?! Біз мұны мақтанышпен түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаймыз. Бұған кім кінәлі? Қазіргі кезде сөздің мағынасын түсінбей сөйлейтіндеркөбейіпкетті. Ғаламторда кем дегенде 5 қабаты бар тәтті торттардың миллиондаған долларға жасалатынын жиі көрдік. Қаншама қонақтар ысырапшылдыққа еріп, билеп-төстеп, тойғанша ішіп, ақыры бір-бірімен төбелесіп жатыр. Бұл бүгінгі «қазыналық» тойдың сыйы десек қателеспейміз.
Не істемек керек? Той мәдениетін қалай арттырамыз? Қазақы дәстүрлі тойды қалай жаңғыртамыз? «Той десе, қу бас домалайтын» қазекең өзбек, тәжік ағайыннан үлгі-өнеге алса қайтеді? Яғни, ысырапқа жол бермей, одан да жастардың білім алуына, ғылым игеруіне жағдай жасауды ойласа қайтеді? Себебі, білімдінің, біліктінің, қабілеттінің жеңетін уақытта өмір кешудеміз. Олай болса, ойланатын кез келді…
А.АЙНАБЕКОВА