«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ТЕХНИКАНЫҢ ТІЛІН БІЛЕТІН — НҰРТІЛЕУ

Алып техниканың құлағында ойнайтын, әп сәтте бұрандамаларға арналған і шатастырмай бірден танитын 10 жасар баланы естуіңіз бар ма?  Талдысайлық Сатқановтар отбасында өнерсіз жан жоқ десек те болады. Әсіресе, 4-класты енді тәмамдаған Нұртілеу біз тұрмақ, өзінің анасын таңқалдырды.

10 жасар Нұртілеудің бір көргеннен өз қатарымен салыстырғанда ерекше екенін аңғардық. Кішкентайынан техникаға құштар болып өскен жеткіншек қазірде әкесінің жанынан бір елі қалмай, барлық шаруаға икемделіп өсіп келеді.

— Шынымды айтсам, бұрын трактор айдай тынын естігеніммен көзіммен көрген емеспін. Сіздермен бірге алғаш рет көріп тұрмын өзім де. Техникаға деген қызығушылығын кішкентай кезінен байқадық. 1-класс оқып жүргенінде қозғалтқыштарын қарап, қосып, сөндіріп жүретін. Қазір, міне, әкесінің жанында жүріп шөп шауып, орып жүр. Жалпы 1 жастан асқан уақытында құрал-саймандармен ойнағанды ұнататын. Балға, бұрандамаларға арналған кілт тәрізді заттар оның сүйікті ойыншықтары еді. Әкесі тыйым салса да, жүгіріп барып арбаның бұрандаларын арнайы кілтпен ағытып кететін. Сондағы жасы небәрі — 1,5 жа ста. Бала кезінен қызығатын дүниелері көп болды. Әкесі құрастырғыш ойыншықтар алып келсе, содан ерінбей қиын заттар құрастырып шығаратын. Мектепте де үздік болып жүрген балам математика пәніне жақсы. Облыстық, республикалық марапаттарға ие болып жүр. Болашақта инженер, құрылысшы болғысы келеді. Сонымен қатар ірі, алыс жолға жүретін үлкен машиналарды айдап, ішіндегі құрылғылармен танысқысы келеді, — дейді анасы Кәмшат Балымбетова.

Өзінің бұл өнерін әсте ерекшелікке баламайтын тым қарапайым Нұртілеудің анасы айтқан мақтан сөздерге ұялып тұрғанын байқадық.

— Мен кішкентай кезімнен алып машиналарға қызығып өстім. Әлі есімде, әкем 1- класс оқып жүргенімде тракторды қыздырып, жүруге дайындығын тексеруді тапсыратын. Арманым сол — үлкен машиналардың рөлінде отырғым келеді. Құрылысшы болып, құрылыс саласының да маманы болсам деймін. Жасымның кішілігіне байланысты көлік айдауды тек үйрену, білу мақсатында ғана қолға алғанбыз. Машинаның кез келгенін айдағанда жанымда әрқашан міндетті түрде әкем отырады, — дейді Нұртілеу Сатқанов.

А.АЛТЫБАЕВА

Ұқсас ақпараттар

МҰҒАЛІМНЕН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІГЕ ДЕЙІН

admin_mugalzhar

30 ЛЕТ НЕЗАВИСИМОСТИ ИЛИ КАК ВОССТАНАВЛИВАЛСЯ РАЙОН?

admin_mugalzhar

ТЕЛЕВИДЕНИЕ СИҚЫРЫ БАУРАП АЛДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.