«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖАС СУРЕТШІ — НҰРШАТ

ТАЛДЫСАЙЛЫҚ САТҚАНОВТАР ОТБАСЫНЫҢ БАЛАЛАРЫ — ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР. АПАЛЫ-ІНІЛІ НҰРШАТ ПЕН НҰРТІЛЕУДІҢ БІРІ КІШКЕНТАЙЫНАН ҚЫЛ ҚАЛАМДЫ ӨЗІНЕ СЕРІК ЕТСЕ, ЕКІНШІСІТЕХНИКАНЫҢ ТІЛІН ТАПҚАН. 1 МАУСЫМ — ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ БІЗ ӨНЕРЛІ БАЛАЛАРЫ БАР ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚАЙТТЫҚ.

Талантты да қабілетті балалар еліміздің болашағы. Әр талантты жан — қайталанбас тұлға. Олар бір-біріне ұқсамайтын ерекше дүниелерді өмірге әкелетін, аса тапқырлықпен еңбектенетін еңбекқор жандар. Бұны жақсы білетін Нұршат қазірден өзінің сүйікті ісімен айналысып, болашақта сол жолда дамығысы келеді.

— Биыл 7-сыныпты бітірдім. 8 жасымнан бастап тұрақты түрде сурет салып бастадым. Яғни күнделікті сурет салу әдетіме айналды десем де болады. Көбіне портрет салып, түрлі эскиздерді сызғанды ұнатамын. 3-сыныптан бастап графикалық суреттерге қызығушылығым артты. Қазір осы бағыт бойынша шыңдалудамын. Болашақта қазақстандық суретші, әртіс Айжұлдыз Адайбекова мен белгілі дизайнер Дана Наби секілді биік белестерді бағындырып, беделді дизайнер болғым келеді, — дейді Нұршат.

Ол өзгелер байқамайтын ғажайыпты байқап, адамдарға сол ғажапты өз жұмысы арқылы жеткізе алатын талант иесі болғысы келеді. Анасы Камшат Балымбетова да қызының оқу озаты, қатарының алды, ортасында сыйлы екендігін, бос уақытында түрлі тәттілер пісіріп, қолөнермен айналысатынын  тілге тиек етті.

Р.НҰРҒАЛИЕВА

Ұқсас ақпараттар

СЛУЖИТЬ — ДЕТСКАЯ МЕЧТА ЖУЛДЫЗ

admin_mugalzhar

Дархан ӨКСІКБАЕВ: ҚҰРБАНДЫҚ САУАБЫ ҚАШЫҚТЫҚҚА ҚАРАМАЙДЫ

admin_mugalzhar

УЧИТЕЛЬ, ПЕРЕД ИМЕНЕМ ТВОИМ…

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.