«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Елімізде несиеден өз еркімен бас тарту жүйесі енгізілмек

Қазақстанда несиеден өз еркімен бас тарту жүйесі енгізілмек. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Агенттік азаматтардың несие алудан «өз еркімен тыйым салу» құқығын пайдалану мүмкіндігін қолдайды. Келісілген позицияны әзірлеу үшін агенттік Ұлттық банкпен, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығымен және несиелік ұйымдармен бірлесіп кездесу өткізді, қатысушылар ұсынылған бастаманы қолдады», – делінген агенттіктің мәжіліс депутаты Айгүл Құспаға берген жауабында.

Ведомство мәліметінше, қарыз алуға «ерікті тыйым салуды» енгізу мынадай тәуекелдерге алып келуі мүмкін:

1) клиент «шынайы» қарызға өтінім берген кезде кредиттік ұйымға белгіленген тыйым салуды алып тастау қажет болады, осы кезеңде (қарыз берілгенге дейін) алаяқтарда әрекеттегі кредиттік өтініш кейпінде клиенттің атына екінші қарызды ресімдеу мүмкіндігі болады;

2) алаяқтар немесе алаяқтармен сөз байласқан клиент өтінім берген кредиттік ұйымдардың жұмысшыларының қатарындағы тұлғалар клиенттің кредиттеуге белгіленген тыйым салуын өз бетінше шешіп, оған жаңа қарызды ресімдей алады;

3) клиент қандай да бір қарызға өтінім берген жағдайда, бірінші кезекте оған белгіленген тыйым салуды алып тастау және қажетті кредиттік ұйымға өтінім беру қажет болады. Кредиттік өтінімді қабылдаған күннен бастап қарыз шынайы берілген күнге дейінгі кезеңде алаяқтар қарыз алушыға кредитті кез келген ұйымда ресімдей алады;

4) тыйым салудың бар/жоқ екендігін қай кезеңде тексеру керектігін анықтау қажет, өйткені кредиттік ұйымдардың қарыз беру кезеңдері көп, ал кредиттік бюроның есебі тек қана кредиттік өтінім қабылданған кезде сұратылады, бұл ретте кредиттеуге тыйым салу кредиттік өтінімді қабылдау және оны мақұлдау кезеңінде белгіленуі мүмкін.

Сондай-ақ агенттік ұқсас бастама Ресей Федерациясында қолға алынып жатқанын атап өтті.

Еске салсақ, бұған дейін Мәжіліс депутаты Айгүл Құспан елімізде рәсімделген несиеден бас тарту үрдісін енгізуді ұсынған еді.

Ұқсас ақпараттар

МҰҒАЛЖАРЛЫҚ 587 ТҮЛЕК МЕКТЕП БІТІРДІ

admin_mugalzhar

Ақтөбеде «Ақбөбек» халықаралық мектебі ашылды

admin_mugalzhar

Павлодар облысының әкімі лауазымына Әбілқайыр Сқақовты тағайындалды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.