«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстан қоржынына Олимпиадаға 63-жолдама түсті

Көркем гимнастикадан Ташкентте өтіп жатқан лицензиялық Азия чемпионатында қазақстандық Алина Әділханов чемпион атанып, Токио Олимпиадасына жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінен мәлім еткендей, Алина Әділханова көпсайыс қорытындысы бойынша 95.15 ұпай жинап, жеңіске жетті. Екінші және үшінші орынды өзбекстандықтар Тахмина Икромова (92.90) мен Екатерина Фетисова (90.85) иеленген.

Қазақстан атынан сынға түскен тағы бір спортшымыз Адиля Тілекенова жетінші орынға табан тіреді. Халықаралық гимнастика федерациясы лицензиялық Азия біріншілігін өткізуді соңғы сәтте шешіп, турнир 6 маусымда басталған болатын. Жарыс ережесі бойынша, тек жеңімпаз атанған спортшыға Олимпиада жолдамасы табысталады. Осылайша, сары құрлықтан Токио ойындарына берілетін жалғыз лицензияны Алина Әділханова еншілеп отыр. Бұған дейін Алина жекелей сында өнер көрсетіп, доп және шығыршық жаттығуында күміс, ұршықпен жаттығуда алтын жүлде жеңіп алды. Алина Әділханова 2001 жылы 26 қаңтарда дүниеге келген. 2018 жылғы Азия ойындарында командалық және жекелей сында алтын жүлдегер атанған.

Айта кетейік, бүгінге дейін Қазақстан спорттың 25 түрінен Олимпиадаға 63 жолдама жеңіп алды.

 

Ұқсас ақпараттар

Қайырымдылық – қайырлы іс

admin_mugalzhar

ФУТБОЛДАН МЕРЕКЕЛІК ТУРНИР ӨТТІ

admin_mugalzhar

ОБЛЫСТЫҚ БАҚ ӨКІЛДЕРІ АУДАНДА БОЛДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.