«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Алматыға Хабиб Нурмагомедов келді

UFC-дің жеңіл салмақтағы жеңілмеген чемпионы Хабиб Нурмагомедов Қазақстанға келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Спортшы қазір Алматыда, бұл туралы өзінің Instagram парақшасында жазды.

«Алматы, біз сол осы жердеміз. 18 маусымда турнирде кездескенше», — деп Хабиб қала көшелерінің бірінде түсірілген суретке қол қойды.

Айта кетейік, 18 маусымда «Алматы Аренада» Eagle Fighting Champiomship — EFC 37 лигасының аралас жекпе-жектен турнирі өтеді. Нурмагомедов осы турнирдің арнайы қонағы болады.

Іс-шараның картасы 13 жекпе-жекті қамтиды, олардың бастысы — Дағыстанның Арыстаны лақап атымен танымал EFC президенті Шамиль Завуров пен бразилиялық Рикардо Тирлонидің кездесуі.

Ұқсас ақпараттар

к 175-летию Абая: 175 КМ ПОХОДА

admin_mugalzhar

ӘЛЕУМЕТТІК САЛА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ — ӘЛЕУМЕТКЕ ҚАМҚОР

admin_mugalzhar

ҰЛЫ ДАЛА ЖОРЫҒЫ: МҰҒАЛЖАРЛЫҚТАР ІІ ОРЫН ИЕЛЕНДІ

admin_mugalzhar